Есептілік

Орал қаласының 2018 жылғы қаңтар-қазан әлеуметтік-экономикалық даму жиынтығы

Өнеркәсіп

 

2018 жылдың қаңтар-қазаңына өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 131,5 млрд.теңге, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 111,4% құрайды.

 

         Ауыл шаруашылығы

Қаланың  аграрлық секторында  58 ауыл шаруашылық  құрылымдар  бар, соның ішінде–1 мемлекеттік кәсіпорын (сорт сынау бойынша инспектура), 12 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 36 шаруа қожалығы және 9 басқа да жер пайдаланушылар жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және соның тек қана 12%-ы  қосымша мал шаруашылығымен айналысады.

2018 жылдың есепті кезеңге ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 7234,8 млн. теңгені құрады, өткен жылғымен салыстырғанда өсу қарқыны 96,2%, соның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімін өндіру – 4936,7 млн. теңгені құрайды, мал шаруашылығы – 2261,8 млн.теңге құрады.

Мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі тұрғындардың шаруашылық үлесіне басым болып отыр. Мәселен, 2018 жылы сүт өндіру–100,3% құрап отыр. Жұмыртқа өндіру көлемінің негізгі үлесін «Орал құс фабрикасы» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорыны алады.

2018 жылдың қаңтар-қазан айында былтырғы 2017 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда - қозы 1197 бас немесе 12,3%, құс 377,2 мың бас немесе 9,1% өскені байқалып отыр.

Сондай-ақ сүт өндірісі 0,3%, жұмыртқа 9,5%-ға өсті.

Ет өндірісі 48,5%-ға,  ІҚМ басы 4,2%-ға, сиыр 10,3%-ға, қой 0,6%-ға, шошқа басы 17,6%-ға және жылқы 1,9%-ға кемігені байқалып отыр.

ІҚМ мен сиыр басының кемуі «Орал ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС мал бастары бруцеллез ауруына шығып, бүгінде 268 бас сиыр сойылып, сатылды. Қазіргі уақытта сауықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Ет өндірісінің кему себебі өткен жылғы осы айда «Кублей» ЖШС статистика органдарына 24 аш есебін ұсынған болатын. Алайда, «Кублей» ЖШС мал басын өсірумен емес, шаруа қожалықтарынан қабылдап қайтаөңдеуіне байланысты ағымдағы жылы 1п есебін тапсырып отыр, сол себепті ет өндірісі көрсеткішінің төмендеуі байқалып отыр.

Шошқа, қой және жылқы басының кемуі жем-шөптің кымбаттауына және өз қажеттілігіне жұмсауына байланысты.

Тұрғындарды көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жалпы көлемі 31,1 мың шаршы метр болатын 9 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді.

 

Инвестициялық қызметі

 

Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 74,9 млрд. теңгені, алдыңғы жылға 131,8% құрап отыр.

Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 248,1 мың  шаршы метр іске қосылды, былтырғы жылға-108,8%  құрайды.

 

 

Қаржы

2018 жылдың қаңтар-қазан айына қала контингентінен мемлекеттік бюджетке түскені – 72372,9  млн. теңге, оның ішінде қалалық бюджетке түскені –19811,2 млн.теңге, ол жалпы салық базасының  28%  құрайды.

Былтырғы  жылмен  салыстырғанда бюджет кірістері контингентте 102,1% құрап отыр.

 

 

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

2018 жылдың 1 қарашасына  қаладағы есепті деректер бойынша 30 984                  (6  219  заңды тұлға, 24 765 жеке кәсіпкерлер), шағын және орта кәсіпкерлік (әрі қарай-ШОК) субъектісі тіркелген, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға жоғары.

Тіркелген ШОК субъектілері ішінде  23 775 (4 274 заңды тұлға, 19 501 жеке кәсіпкер) қолданыста, яғни тіркелген ШОК субъектілерінің 76,7%-н құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға өскен.

2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ШОК саласында еңбек ететіндер саны  79 916 адамды құрап, 2017 жылдың 1 шілдесіне 11,5%-ға өскен.

ШОК субъектілерімен 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында  201,0 млрд. теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді немесе                  2017 жылдың осы кезеңіне 89,3% құрайды.

2018 жылдың 1 қарашасына  ШОК субъектілерінен мемлекеттік бюджетке төленген салық көлемі 23 196,5 млн.теңгені құрап, өткен жылдың  осы кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға жоғары. Соның ішінде жергілікті бюджетке төленген салық көлемі 8 118,7 млн.теңге.

2018 жылдың қаңтар-қазан айларында ШОК субъектілеріне 245(34,4га) жер учаскелері  бөлінді. Оның ішінде сатып алынғаны -   63(8,6га).

Сонымен қатар, 184 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілді, сонын ішінде: 52 дүкен, 27 кафе,             6 СҮ, 15 автокешен, 6 дәріхана,14 сұлулық салоны, 30 кеңсе, 2 кондитерлік цех, 3 ресторан, 1 асхана, 3 тіс оңдайтын кабинет, 1 шаштараз, 1 СО, 1 медициналық кабинет, 1 ойын-сауық кешені және балабақшабар.

 

Еңбек нарығы

 

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 6987 адам өтініш жасаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 19% азайған.

Тіркелген жұмыссыздар саны 1333 адамды құрайды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 24% азайып отыр.

Есепті мерзімде 3838 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды,  былтырғы жылға қарағанда 2% жоғары.

Қоғамдық жұмыстарға -1059 адам тартылды, бұл  былтырғы жылмен салыстырғанда 16% азайып отыр.

Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде 3143 жаңа жұмыс орындары құрылды, немесе былтырғы жылға 98%  құрап отыр.

Биылғы жылдың есепті кезеніне күнкөріс деңгейінің шамасы қазан айына 26616 теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 12% өскені байқалады.

 

Демография

Қала халқының саны 308045 адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 47% құрайды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 2% өскені байқалады.

Соңғы жылдары халықтың өсуінде тұрақты тенденциясы байқалады.

Бұл жағдай халықтың табиғи өсуімен және ішкі миграциясы арқылы қалыптасқан.

 Есепті кезеңге 5195 туылған нәресте тіркелген,  былтырғы жылмен салыстырғанда- 4% көбейіп отыр.

Өлгендер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 12% көбейіп, 2107 адамды құрап отыр.

Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады: Казталов, Сырым, Ақжайык.

Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарымен және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.

 

 

Білім беру

 

Қалалық бюджеттен 50 күндізгі жалпы білім беретін мектеп қаржыландырылады(1-11 сыныптардың оқушылар саны-46482).

 Қалада 5 гимназия (№34, 42, 44, ШГВО, ГЭН) және 5 лицей (№27, 28, 35, 38, 41).

Қала бойынша  2018 жылы ҰБТ орташа көрсеткіші 80,84%(2017 жылы-77,15%) құрады, 2017 жылдан 3,69 балға жоғары нәтиже көрсетіп отыр.

Бүгінгі күні қалада 119 мектепке дейінгі ұйымдар қызмет етеді, соның ішінде 50 мемлекеттік балабақша, 1 мектеп-балабақша, 40 жеке балабақша, 28 жалпы білім беру мектеп жанындағы  мектепке дейінгі мемлекеттік шағын орталық. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-жастан 6-жасқа дейінгі 100% бала қамтылған.

Мектепке дейінгі ұйымдарда орын алу кезегінде - 14995 бала тіркеліп отыр.Оқушыларды ыссы тамақпен қамту-79,7% құрады.

 

Мәдениет

 

Қаланың мәдениет жүйесін 19 кітапхана, 2 облыстық театр, облыстық филармония, облыстық камералық оркестр, 2 мұражай, 4 кинотеатр, киноқондырғы, жастар шығармашылық орталығы, облыстық халық шығармашылығы орталығы, облыстық Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы, көрме залы, 6 мәдениет үйі, 21 аула клубын қамтиды.

 

 

Қылмыстық

Есепті кезеңде тіркелген қылмыс саны 5811, былтырғы жылдың деңгейінен 10,1% азайып отыр.

 

 

Орал қаласының  әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

 

 

Негізгі көрсеткіштер

Қаңтар-қараша

%

2017

2018

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн.тенге

121546,7

131495,4

111,4

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі,  млн. теңге

7592,2

7234,8

96,2

Кезең соңына мал мен құс басының саны,  бас

 

 

 

- ірі қара

4041

3873

95,8

соның ішінде сиыр

1978

1774

89,7

- қой

3937

3914

99,4

- ешкі

1066

1197

112,3

- жылқы

261

256

98,1

- шошқа

1038

855

82,4

- құс, мың бас

345,7

377,2

109,1

Ауыл шаруашылық өндірісі, тонна

 

 

 

- ет

1531,05

789

51,5

- сүт

5109,9

5126,6

100,3

- жұмыртқа, мың  дана

62652,5

62652,5

109,5

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі, млн. теңге

53331,4

74920,4

131,8

Құрылыс жұмыстардың көлемі, млн. теңге

22404

26879,2

111

Іске қосылған тұрғын үй, шаршы метр

227942

248055

108,8

Бөлшек сауда айналымы, млн.теңге

162303,5

178901,4

103,3

Инфляция деңгейі немесе тұтыну бағаларының индексі (пайызбен)

104,7

103,7

99

Қаржы

 

 

 

Мемлекеттік бюджетке салық түсімдері және басқа да мемл.бюджетке төлемдер, барлығы, млн. теңге

70901,3

72372,9

102,1

қалалық  бюджетке, млн. теңге

17066,8

19811,2

116,1

болжамға, %

105

107,8

 

Әлеуметтік сала

 

 

 

Халық саны, адам

302581

308045

102

Жұмыс іздеп келген азаматтар саны, адам

8702

6987

81

Жұмыссыздардың саны, адам

1757

1333

76

Қоғамдық жұмысқа жолданғаны, адам

 

1260

1059

84

Жұмысқа орналасқандардың саны, адам 

3780

3838

102

Жана жұмыс орындары құрылды

3222

3143

98

Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы, теңге

23755

26616

112

Бір жұмысшының  орта айлық жалақысы, теңге

116675

129637

112

Туылғандар саны, адам

5000

5195

104

Өлгендер саны, адам

1894

2107

112

Табиғы өсім, адам

3106

3088

100

Халықтың көші-қоны, адам

 

 

 

- келгендер

17907

12501

70

- кеткендер

14051

11515

82

Тіркелген қылмыстар саны , бірлік.

6461

5811

89,9