Ереже

      «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

                                                         ЕРЕЖЕ

 

1.     Жалпы ережелер

 

      1. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

       2. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, әкімдіктің қаулылары мен  қала әкімінің шешімдеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

       3. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі  мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде  өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

       4. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға өз атынан түседі.

       5. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі     егер заңнамаға сәйкес  оған уәкілеттік  берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

       6. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі     өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі    басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитін қала әкімдігі бекітеді.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері. 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы  мемлекеттік тілде «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі («Орал қ.ЭБЖБ» ММ), орыс тілінде - государственное учреждение «Отдел экономики и бюджетного планирования  города Уральска» (ГУ «ОЭБП города Уральска»).

     10.   Осы Ереже «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

     11. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметі қала бюджетінен қаржыландырылады.

     12. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      

 

      2. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

      13. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

       Қала экономикасының динамикалық дамуына жету үшін экономикалық және бюджеттік жоспарлау процестерін үйлестіруді қамтамасыз ету.

 

      14. Міндеттері:

      1) орта мерзімді кезеңге қаланың әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтары мен стратегиялық мақсаттарын белгілеу;

      2) қала аумағындағы салық және ақшалай несие беру саясатымен өзара әрекет ете отырып, жергілікті деңгейде мемлекеттік бюджеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

 

       15.Функциялары: 

      1) қала аумақтарын дамыту бағдарламасын әзірлеу, түзету және іске асырылуына мониторинг жүргізу;

      2) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау және мониторинг жүргізу;

      3) аумақтық салық органдарымен бірлесіп жергілікті бюджетке  түсімдерді болжау;

      4) үш жылдық кезеңге арналған қала бюджетінің негізгі параметрлерін, жоспарлы кезеңге арналған қала бюджетінің жобасын әзірлеу;

      5) қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, кент, ауылдық округтерінің бюджетінен қаржыландырылатын  бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау және оларға қорытынды әзірлеу;

     6) жоспарлы кезеңге  арналған  қалалық  бюджетті бекіту, нақтылау туралы қалалық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу және оны қалалық бюджеттік комиссияның қарауына ұсыну;

     7)  тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджетті бекіту, нақтылау туралы қалалық мәслихат сессиясының шешімін іске асыру жөнінде қала әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

     8) кент, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын қалалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;

     9) кент, ауылдық округ әкімі аппараттарымен бірлесіп кент, ауылдық  округтерінің бюджеті туралы қалалық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу;

    10) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық қорытынды әзірлеу;

    11) жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;

    12)  заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы іске асыруға жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелері бойынша экономикалық қорытынды әзірлеу;

    13) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша қала әкімдігі бөлімдерінің қызметін үйлестіру;

    14)  экономикалық және бюджеттік жоспарлауға әдістемелік көмек көрсету;

    15)  бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау;

    16) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді іске асыру.

 

    16.Құқықтары мен міндеттері:

    1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша ұсыныс енгізуге;

    2) ағымдағы және алдағы кезеңдердің бюджет көрсеткіштеріне өзгерту енгізуге;

    3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;

    4) сараптау өткізуге және кеңес беруге орталық және жергілікті органдарының мамандарын (келісім бойынша), сондай-ақ тәуелсіз сараптаушыларды тартуға құқылы.

    5) «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімінің және әкімдіктің  актілерінің жобаларын дайындау;

     6)  Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасымен белгіленген басқа да құқықтар мен міндеттерді іске асыру.

 

 

3. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

     17. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты  «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.

     18. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

     19. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орынбасарын лауазымға тағайындайды және босатады.

      «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы өз ұжымындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жағдайына дербес жауапты.

     20. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысының өкілеттілігі:

     1) заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;

     2) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелейді және  тәртіптік жаза салады;

     3) барлық мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда  бөлімнің мүддесін білдіреді, өзінің орынбасары мен сектор меңгерушілерінің және бөлімнің басқа да мамандарының міндеттері мен өкілеттігін  белгілейді;

     4)  Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.

      

4.  «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

     21. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  жедел басқару  құқығында өз мүлкі бар.

         «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған  мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

     22. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарауына тіркелген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

     23. Егер заңнамада  көзделмесе, «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен  иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату

 

     24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен жүргізіледі.